Жағажай волейболынан "Үлкен дулыға" әлемдік турының Мәскеудегі кезеңінде қазақстандық спортшылар 17-ші орыннан көрінді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жағажай волейболынан "Үлкен дулыға" әлемдік турының Мәскеудегі кезеңінде қазақстандық спортшылар 17-ші орыннан көрінді

Жағажай волейболынан "Үлкен дулыға" әлемдік турының Мәскеудегі кезеңінде қазақстандық спортшылар 17-ші орыннан көрінді

Жағажай волейболынан "Үлкен дулыға" Әлемдік турының кеше Мәскеуде өткен кезеңінде қазақстандық спортшылар 64 команданың арасынан 17-ші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.

  • 14 Маусым 2010
  • 452
Фото - Caravan.kz

Маусымның 9-ы күні басталған бұл байрақты бәсекеге әлемдік рейтингтік қорытынды бойынша үздік 64 команда қатысқан болатын. Онда ел намысын Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко қорғады. Олар алғашқы екі раундта франциялық (21:15, 18:21, 15:13) және қытайлық спортшыларды (17:21, 21:18, 15:11) 2:1 есебімен ұтты. Соның нәтижесінде қазақстандықтар жарыстың негізгі кестесінде бақ сынаған 32 команданың қатарына еніп, Азия құрлығынан қатысқан 3 елдің бірі болды. Алайда бұл сайыста олар әлемдік рейтингте 1-ші және 17-сатыда тұрған АҚШ пен Нидерланды елінің командаларына 2:0 есебімен есе жіберді. Әлемдік рейтингте үздік 64-тің қатарында ең соңғылардың бірі боп тұрған Қазақстан құрамасы үшін Әлемдік тур кезеңінде алдыңғы 20-лыққа ену үлкен жетістік болып саналады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера