«Жағдайы қиын, түрмеде отыра алмайды" Бас прокурордың 8 жылға сотталған құдасы 4 айдан соң босап шыққаны рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жағдайы қиын, түрмеде отыра алмайды" Бас прокурордың 8 жылға сотталған құдасы 4 айдан соң босап шыққаны рас па?

«Жағдайы қиын, түрмеде отыра алмайды" Бас прокурордың 8 жылға сотталған құдасы 4 айдан соң босап шыққаны рас па?

Елімідің Бас прокуроры Берік Асыловтың 8 жылға сотталған туған құдасы жазасын 4 ай ғана өтеп, босап шыққан көрінеді.

  • 6 Желтоқсан 2022
  • 10652
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kozachkov telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бас прокурор Берік Асыловтың тағы бір туысын таптым. Бұл жағдай тіптен ерекше. Берік Ноғайұлының туған құдасы 8 жылға сотталған болатын. Бірақ ол түрмеде бар жоғы 4 ай ғана отырған. Ол заң жүзінде ақталған жоқ, ол 6,5 млрд теңге шығынды да өтеген жоқ. Бірақ отбасына оралды. Мұндай да болады екен», деп жазды Kozachkov telegram арнасы

2019 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлықпен айналысқан шортанды қолға түсіріп, Мемлекеттік материалдық резервтегі қаражатты ұрлау схемасын әшкереледі. Осы аттас комитет Ұлттық экономика министрлігіне қарайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері «Резерв» РМК филиалдары Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің (ММРК) лауазымды басшылары мен азық-түлік жеткізушілеріне қатысты 6,5 миллиард теңге сомасында аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету деректерін анықтайды.

Сол жылдары комитетті Бақытбек Иманалиев басқарды, тергеудің мәліметінше, қымбат тауар атын жамылып, арзан тауарларды сатып алу схемасын сол кісі ұйымдастырған. Салдарынан бюджет 6,5 миллиард теңге шығынға ұшырап, Иманалиев 8 жылға бас бостандығынан айырылды.


Бірақ ол жазасын тез өтеді. 2022 жылдың жазында босап шықты. Яғни ақпан айында отырды, маусымда шықты. 8 жылдың орнына 4 ай.

Бірақ неге бұлай болды?

«Орда» басылымындағы әріптестер анықтағандай, 2022 жылдың маусым айында Қапшағай қалалық соты оны ауыр сырқатына байланысты жазасын өтеуден босатқан. Ал бұл ауруды «Хирургия институты» жекеменшік клиникасының кардиология бөлімі анықтапты. Иманалиев 40 күн жатып шықан. Ақырында, дәрігерлер жайсыз үкім шығарды – «жағдай өте қиын, түрмеде отыра алмайды» деген. Сот әрине мұнымен келісті. Заң оған рұқсат береді.

Соңғы жаңалықтар