Көпшілік өнер иесіне не болғанын білмей, сұрақтарын жаудыруда, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы.
Бұл жағдайымен әнші Instagram-дағы Stories бөлімінде бөлісті.
Онда ол: "Достар, жағдайым нашар" деп жылап отырған суретін жүктеді. Көпшілік әншінің бұл күйіне жақында болған ажырасу себеп болды деп болжаған. Олар: "Уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады", "Сізді кім жылатты? Тыныштық па?" деген пікірлерін жаудырып жатыр.
Алайда, кейін белгілі болғандай әншінің бұлай жылауына Қытайға виза ала алмауы себеп болған. Десе де, өнер иесі алған бетінен қайтпайтынын әрі қалай да өз мақсатына жететінін жеткізген.