"Жағынан ұстап, аузына салғызып келген" - Талғар ауданында 14 жасар ұлды туысқаны 3 жылдан бері зорлап келген - kaz.caravan.kz
  • $ 507.07
  • 572.53
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жағынан ұстап, аузына салғызып келген" - Талғар ауданында 14 жасар ұлды туысқаны 3 жылдан бері зорлап келген

"Жағынан ұстап, аузына салғызып келген" - Талғар ауданында 14 жасар ұлды туысқаны 3 жылдан бері зорлап келген

Жансая есімді келіншек інісінің 3 жыл бойы зорланып келе жатқанын айтты.

  • 14 Мамыр
  • 294
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол журналист Руслан Өтепбайдан көмек сұрап, барлық шындықты жайып салды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жансая есімді келіншектің інісі мен сіңлісі бар. Бес жыл бұрын әкесі қайтыс болған. Ал анасы аналық құқықтан айырылған. Жетім қалған үш баланы әкесінің туған ағасы асырап алған. Жақында Жансаяға 14 жастағы інісі сұмдық жайтты әшкере еткен. Кәмелет жасына толмаған баланың айтуынша, оны асырып алған көкесінің 34 жастағы ұлы «үш жылдан бері зорлап келген».

«Жәнібек туған інім 11 жасынан бастап зорланып келген, зорлаған. Оны зорлаған әкемнің туған ағасының ұлы. Осы күнге дейін ініме көрсетпегендері жоқ. Ұрып-соғып, барлығын істеп келген. 16 ақпанда түнгі 12:30-да інім маған келіп, болған оқиғаның барлығын 2022 жылдың жаз мезгілінен басталғанын барлығын түсіндіріп, айтып берді. Өзінің жыныс мүшесін інімнің аузына салдырып, түнгі 3,4 шамасында келіп інімнің денесін сипап, өзінің жыныс мүшесін ұстатқызып аузына салып келген. Бірінші істеген күні жағасынан ұстап, салғызып келген. «Егерде айтатын болсаң екі тәтеңді көрмейсің, сені өзі асылды қылып шығарамын» деген. Істеген сайын інімді қорқытып келген», — деді келіншек.

Ол ата-анасы туралы да журналистке айтып берді.

«Әкем 2023 жылы, сол жылы анамыз сол кезде ата-ана құқығынан айырылды. Жынды деп оны анамыздан тартып алған болатын. Әкем қайтыс болғаннан кейін 40-ы бітпей жатып анамды үйден қуып жіберді. Әкем қайтқалы бауырлары анама тиісіп, табалап, «40-ы бітеді. Балалармен бірге болмайсың. Аузыңды ашпа» деген сөздер болды. Анамады бірге тұрғызбай қойды. Анам «үш баладан бас тартамын» деген. Бірақ ол өз еркінен болған жоқ. Мәжбүрсіз бас тартты. Өйткені, өзінің тұратын жері болған жоқ. Екеуінің арасына әкемнің бауыры түсетін. «Әйелің андай, мындай» деп әкемізге анамызды жамандап келді», — деді жәбірленуші.

Зорланған 14 жасар Жәнібек жағдайың қалай болғанын айтып берді.

«Бұл жағдай 2022 жылдың жазынан бері болып келе жатыр. Әкемнің бауырлары «сен баға алмайсың» деп анамнан мені тартып алады. Маған тиіскені әкемнің ағасы Құдайбергеннің ұлы 34 жасар Ынтымақ деген жігіт. Дені сау, ешқандай аурумен ауырмайды. Үйленіп, ажырасып кеткен. Өзінің баласы бар. Ең бірінші Еңбекшіқазақ ауданында қорада болды. Ұйықтап жатқан кезімде денемді сипалап, бірінші менікін, сосын өзінің мүшесін ұстады. Аузыма салғанда бірден қарсылық көрсеттім. Мені жағамнан ұстап, «біреуге айтсаң өлтіріп тастаймын. Өмір бойы тәтелеріңді көре алмай қаласың. Айтушы болма» деп жерге итеріп кетіп қалады. Оны біреуге айтсам, тәтелеріме қиын бола ма деп ойладым. Басында ешкімге айтпай, өзім өліп қалғым келді. Қазір өлетін болсам, артымнан жылап екі тәтем қалады. Олардың көз жасына қалмайын деп шыдап келдім. Екі жылдан кейін оның анасына айттым. Мені қорғаудың орнына қорлады», — деді Жәнібек.

Осы уақытқа дейін қанша рет зорлыққа ұшырағанын жәбірленуші жасырмай айтып берді.

«9 рет болды. Шыдамай кетіп, анасына «балаң маған осылай тиісіп жатыр» деген кезде «Өтірік айтпа. Балама жала жауып жатсың» деп жерге жатқызып анасы мен Ынтымақ екі жағымнан ұстап тұрды, ал тағы бір ұлы мені үлкен ұзартқышпен ұрды. Оны достарым көріп, видеоға түсіріп алған. Ол видеоны қазір өшірткізіп тастаған», — деді Жәнібек.

Бұл істі өз қолына алған адвокат Жандос Палманов пікір білдірді.

«Осы дерек бойынша менің тарапымнан жәбірленуші тараптың отбасысына комплексті түрде құқықтық көмек көрсетілуде. Аталған қылмыстық іс Алматы қаласы Жетысу аудандық полиция басқармасы Тергеу бөлімінің өндірісінде тергеп-тексерілуде.
Өз кезегінде Жетісу аудандық прокуратура және Алматы қаласының ПД басшылығы тарапынан аталған істің ҚР ҚПК-ның 300-бабына сәйкес айыптау актісімен сотқа жолдануын қатаң бақылауға алуды сұраймыз», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, адвокат Жандос Палманов Шерзат ісінде жәбірленуші тараптың, яғни Шерзат Полаттың отбасының қорғаушысы.