Алдында Zhaikmunai 23-қазан күні еурооблигацияларды орналастыру жөнінде road show бастады, деп хабарланған болатын. Ұйымдастырушылар BofA Merrill Lynch, Citi және «ВТБ Капитал».
Түсірілетін қаржыны 2015 жылы төлейтіндей бондыларды қайта қаржыландыруға жұмсау көзделген.
Zhaikmunai — «Жайықмұнайдың» аналық компаниясы.
2012 жылдың қаңтар-маусым айларында Zhaikmunai таза пайдасы 86,6 млн долларды құрады, табысы- 323,4 млн доллар, EBITDA — 212,8 млн доллар.