«Жай ғана адамдардың арасында жүру» деп аталатын ерекше әңгімелер жинағы жарық көрді
Бүгін Алматыда қорқынышын, мүгедектік өмірдің тауқыметін жеңе білген және өмірде белгілі бір биіктер мен табыстарға қол жеткізген ерекше адамдар жайлы әңгімелер жинағының таныстырылымы болды. «Жай ғана адамдардың арасында жүру» («Просто ходить среди людей») деп аталатын бұл жинақ «Эльдани» қайырымдылық қорының жобасы бойынша «Сорос Қазақстан» қорының қолдауымен жарық көріп отыр. |
«Эльдани» қайырымдылық қорының директоры Гүлзира Амантурлинаның айтуынша, бұл кітаптың авторлары тұңғыш рет өз өмірлерін жариялап отыр. Бұл жинақты шығару идеясы оларда 2009 жылы «Өмір сүру өнері» деп аталатын журнал шығара бастаған кезде туған. Онда қорқынышын жеңе білген адамдар туралы жазылды. Алайда бәрін қамту мүмкін болмады. Сондықтан олардың өз тарихын өзі баяндауына енді мүмкіндік туып отыр. Онда Эльдан Шынбергенов, Максим Ситников, Қарлығаш Мұрзақұлова, Елена Проценко, Александр Стрельников, Александр және Елена Прохоренколардың, Сайфутдин Савурхаджаев, Максим Шаренко, Екатерина Жигитжанова, Ильдар Берчимбаев, Елена Шаламалова және тағы басқалардың әңгімелері еніп отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін