«Эльдани» қайырымдылық қорының директоры Гүлзира Амантурлинаның айтуынша, бұл кітаптың авторлары тұңғыш рет өз өмірлерін жариялап отыр. Бұл жинақты шығару идеясы оларда 2009 жылы «Өмір сүру өнері» деп аталатын журнал шығара бастаған кезде туған. Онда қорқынышын жеңе білген адамдар туралы жазылды. Алайда бәрін қамту мүмкін болмады. Сондықтан олардың өз тарихын өзі баяндауына енді мүмкіндік туып отыр. Онда Эльдан Шынбергенов, Максим Ситников, Қарлығаш Мұрзақұлова, Елена Проценко, Александр Стрельников, Александр және Елена Прохоренколардың, Сайфутдин Савурхаджаев, Максим Шаренко, Екатерина Жигитжанова, Ильдар Берчимбаев, Елена Шаламалова және тағы басқалардың әңгімелері еніп отыр.