Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрының ауылдарға жасаған гастрольдері табысты өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрының ауылдарға жасаған гастрольдері табысты өтті

Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрының ауылдарға жасаған гастрольдері табысты өтті

Павлодарлық Ж.Аймауытов атындағы музыка-драма театрының Ақсу ауылдық аймағының Қызылжар және Жолқұдық ауылдарындағы спектакльдері табысты өтті,

  • 21 Ақпан 2012
  • 475
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады мәдениет басқармасынан.

Труппаның жетекші әртістерінің орындауында Қасым Аманжоловтың «Досымның үйленуі» атты комедиялық қойылым көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ауыл балаларын, әсіресе, «Батыр көжек» атты ертегі ерекше әсерде қалдырды.

Ақсулық ауылдардың тұрғындарына берген шығармашылық сыйлық үшін әртістерге Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Ардақ Райымбеков алғысын білдіріп, оларға алғыс хаттар табыс етті.

«Аймауытовшылар» Ақсудағы гастрольдерін енді Е.Төлеубайдың пьесасы бойынша «Оян қазақ…, ойлан қазақ» спектаклімен жалғастырмақ.

Перейти к новостям спорта