Жайылымдарды пайдалануға басты кедергі оларды суландыру мәселесі болып отыр - Қ. Отаров
![]() |
Жайылымдарды пайдалануға және оны айналымға енгізуге бірден-бір кедергі - оларды суландыру мәселесі. |
Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров осылай мәлім етті.
«Егер де жайылымдық алқаптар айналымға енгізілсе жалпы айналымға енгізілген жер учаскелері саны оданда көбірек болар еді. Бірақ жайылымдарды пайдаланудың және оны айналымға енгізудің бірден-бір кедергісі оларды суландыру мәселесі болып отыр», - дейді агенттік төрағасы. Оның айтуынша, түгендеу жұмыстарының қорытындысы негізінде, көлемі 14 млн. гектар жайылымдарда 14 мың суландыру құрылыстарының көздері анықталған. Оның тек қана 15 пайызы - жарамды жағдайда, ал қалғандары - қайта құруды, күрделі жөндеуді немесе есептен шығарып тастауды қажет ететін болып отыр.
«Әрине, табиғи су көздері барлық жайылымдық жерлердің 40 пайыздан астам бөлігін ғана қамтамасыз ете алады. Алайда келешекті ойласақ, онда тек табиғи су көздерін есепке алуға болмайды, себебі ауыл шаруашылығы малдарының физиологиялық қажеттілігі адамға тән ауыз судың сапасына сәйкес келуі қажет. Табиғи су көздерімен суаруды ұйымдастыру - ол мал шаруашылығын жүргізудің экстенсивті әдісі болып табылады және де экологиялық, зооветеринарлық талаптарға сай келмейді», - дейді Қ. Отаров.
Бұдан бөлек, агенттік басшысы аталған проблема аясында жер астындағы суларды жоғарылату және оларды пайдалану үшін инженерлік құрылыстар құру қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, аталған проблемалар бойынша, қазіргі кезде «Жайылымдар туралы» жаңа заңның жобасы әзірленіп жатыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін