Көпшілік Нұрболханның Жаханға қатысты бар шындықты айтқанына риза болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Желіде тараған видеода Нұрболханның Жаханның жеке өміріне қатысты ащы шындықты айтқан сәтін байқауға болады. Ол онда Отарғалиевтің кинода жолы болмағанын, үйін де салып бітіре алмағанын, қала берді "қатыны да кетіп қалғанын" айтып салады.
Көпшілік Нұрболдың бұл сөзін әзіл-шыны аралас шындық деп түсінген. Олар:
"Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады деген рас қой, Жаханға жаны ашып тұр ғой", "Нұрболхан дұрыс айтады, Жахан ойлан, ақыл тоқтататын жасқа келдің", "Хайп қуа ма жұрттар, оны несіне көпшілікке жария етесіңдер?", "Шындық қай кезде де ащы. Нұрболханға Ләйлә Сұлтанқызымен соттасып жеңіске жеткенде, Жаханға шындықты айту сөз боп па?" деп жазды олар.