”Жақсы адам жолықсын деп дұға тілеңіздер”: 4 баласы бар Индира Расылхан тұрмысқа шыққысы келетінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 518.37
  • 609.97
+34 °C
Алматы
2025 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Жақсы адам жолықсын деп дұға  тілеңіздер”: 4 баласы бар Индира Расылхан тұрмысқа шыққысы келетінін айтты

”Жақсы адам жолықсын деп дұға тілеңіздер”: 4 баласы бар Индира Расылхан тұрмысқа шыққысы келетінін айтты

Бірер күн бұрын әнші Индира Расылхан әлеуметтік желідегі парақшасында ғашық болып қалғанын айтып, оқырмындарын ойландырып қойған еді.

  • 30 Сәуiр
  • 47
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі Instagram желісіне жазба жариялап, сүйіктісінің кім екенін мәлімдеді.

“Кешегі тілектеріңізге өте, өте риза болдым. Маған тілеген тілектеріңіз үшін Алла өздеріңізге, ұрпақтарыңызға мың еселеп қайтарсын!

Кім екен деп іштей ойланып та отырған боларсыздар. Атам мен әжемнің, әкем мен анамның тәрбиесін бойыма сіңірген қыз болғандықтан, мен үшін тағы да отбасы құру осы уақытқа дейін еш ойыма келмепті. 
Қой құрысын, ұят қой, 4 балам не ойлайды? Анам қалай қарайды? Халық не деп айтады деп, 7 жыл уақыт өтіп кетіпті. Сіздердің жүрек жарды осындай қуанышты сөздеріңізді естимін деп ойламаппын. Дегенімен де рақмет сіздерге, қолдап, бақытты болуымді тілеп, демеу жасағандарыңыз үшін. Бекерге қорқып жүріппін ғой елдің сөзінен. Жалғыздықтың дерті жаман екенін, мен сияқты жалғыз қалғандар түсінеді. 
Ешқандай қыз баласы, кейін ажырасамын деп күйеуге шықпайды. Ол өмір!  Ол тағдыр! 
Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан деп анам күнде айтып отырады. Дұғасына да қосып, менің жалғыз қалмауымды тілеп отырады. Ана тілегі міндетті түрде орындалады ин ша Аллаһ. 
Ал енді айтайын!  Мені бақытты еткен, мені барыммен қабылдаған, бар өткенімді кешіре білген, Алланы сүйюге жетелеген, құлап-сүрініп жатқан жерден мені бақытты еткен бір адам, ол- мен! Мен өзіме ғашықпын!  Иә, өзіме! 
Маған сеніңіздер, сізді өзіңізден басқа ешкім де жақсы көре алмайды. Өзіңізден басқа ешкімге де керегіңіз жоқ.  Іштегі жарықты өзіңізден басқа ешкім де жаға алмайды. Мен сабақ сатайын деп тұрған бәлем де жоқ. Соңғы 1 айдағы депрессия мені осындай шешімге алып келді.  Күні-түні дұғада болдым, жатпай тұрмай шешімін Алладан сұрай бердім. Көкірегімді ашшы деп тілеген едім, өзіме деген махаббат жоқ екендігін түсіндім.  Айдаладағы біреуден іздеп керек емес екен. Өзімнің құнды, бағалы екенімді кеш болса да түсінгеніме Аллаға шүкір. 
Баяғыда біреу айтыпты, жалынғанда жан қалады ма, деп. 100 жерден сүйіңіз, өліңіз талыңыз, сіздің махаббатыңыз бес тиын, егер де өзіңізге деген құрмет пен махаббат болмаса.

Толассыз жақсы тілектеріңізге орай, бір жақсы азаматты Алла жолықтырады деп сенем. 
Себебі, сіздердің шынайы тілектеріңіз, дұғаларыңыз ол бекер қалады деп ойламаймын. Жақсы адам жолықсын деп дұға тілеп қойыңыздаршы”, — деп жазды ол.

Алайда, әншінің желідегі оқырмандары оның бұл мәлімдемесін қатаң сынауда.

”Осынша жасқа келгенде күйеудің не керегі бар”, “Осылай айтуға ұялмайсың ба”, “4 балаң, анаң бар. Күйеу босқа тыныштығыңды бұзады”, “Неге өмірдің бақытын күйеуге тіреп қойдың? Балаларың аман болсын, бастысы”, “Осылар күйеуге шығудан шаршамайды екен”, — деп жазды олар.

Айта кету керек, Индира Расылхан “Менің өмірім” бағдарламасына берген сұхбатында екі рет тұрмыста болғанын айтқан еді.