Жақсылық Омар шартты түрде және рақымшылық бойынша босатылмайды - прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 460.37
  • 531.87
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақсылық Омар шартты түрде және рақымшылық бойынша босатылмайды - прокуратура

Жақсылық Омар шартты түрде және рақымшылық бойынша босатылмайды - прокуратура

Оған ірі мөлшерде алаяқтық жасады және ірі мөлшерде пара алды деген айып тағылды.

  • 6 Сәуiр
  • 7
Фото: instagram.com/zhaksylyk_omar

ШҚО прокуратурасы Жақсылық Омарға қатысты үкімді түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мән-жайы

Бұған дейін Өскеменнің қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Жақсылық Омарға қатысты қылмыстық істі қараған болатын. Оған ірі мөлшерде алаяқтық жасады және ірі мөлшерде пара алды деген айып тағылды.

3 сәуірде сот үкімді жариялады. Жақсылық Омар кінәлі деп танылып, оған 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сондай-ақ мүлкі (Toyota Camry автокөлігі — ред. еск.) тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Прокуратура түсініктемесі

ШҚО прокуратурасы мәліметінше, Жақсылық Омардың іс-әрекеттері сыбайлас жемқорлық қылмыстар санатына жатады және мемлекеттік қызмет негіздері мен қоғамның сеніміне нұқсан келтіреді. Айыптау тарапы істі қараудың қысқартылған тәртібін ескере отырып, заңда қарастырылған ең жоғары жазаны сұрады.

«Қолданыстағы қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдарға рақымшылық актілері мен мерзімінен бұрын шартты түрде босату нормалары қолданылмайды», — деп мәлімдеді прокуратурадан.