Жақында 5 шекаралық өткізу пункті іске қосылады – Үкімет - kaz.caravan.kz
  • $ 495.1
  • 583.72
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақында 5 шекаралық өткізу пункті іске қосылады – Үкімет

Жақында 5 шекаралық өткізу пункті іске қосылады – Үкімет

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары аяқталатынын атап өтті

  • 9 Желтоқсан 2025
  • 6
ФОТО: gov.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары аяқталады. Жақын арада 5 өткізу пункті іске қосылады. Осылайша, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы контурындағы барлық өткізу пункттері халықаралық стандарттарға сай болып, жүктердің жылдам өтуін қамтамасыз етеді, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр Көлік министрлігіне «ҚазАвтоЖол» компаниясымен бірге жұмыс қарқынын жеделдетіп, өткізу пункттерінің құрылысын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Аталған мәселе Премьер-министрдің тікелей бақылауында.