"Жалаң аяқ, айдалада тұр": Абай облысында үйден шығып, жоғалып кеткен тағы бір бүлдіршін табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.31
  • 555.54
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жалаң аяқ, айдалада тұр": Абай облысында үйден шығып, жоғалып кеткен тағы бір бүлдіршін табылды

"Жалаң аяқ, айдалада тұр": Абай облысында үйден шығып, жоғалып кеткен тағы бір бүлдіршін табылды

8 сәуір күні Абай облысы Ақсуат ауданында 3 жастағы бала байқатпай үйдің ауласынан шығып кетіп, жоғалып кеткен.

  • 8 Сәуiр
  • 4
Фото: Instagram/kyn.kz

Абырой болғанда өңір полицейлері баланы дін-аман тапқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Полицейлер ұсынған мәліметтерге сәйкес, бүлдіршінді таңертең ерте туыстары іздеуді бастап, шамамен сағат 11:00-де полицияға хабарласқан. Осы сәттен бастап барлық күштер дереу жұмылдырылған.

Полицейлер даланы, әрбір метр жерді тексерді, себебі уақыттың әр минуты қымбат екенін түсінді.

«Бірнеше сағаттан кейін іздеу барысында атпен жүрген полиция қызметкері айдалада кішкентай баланың бейнесін байқайды — ол елді мекеннен алыс жерде жалғыз жүрген», — делінген хабарламада.

Толқығанын жасыра алмаған полицей балаға: «Айналайын, келе ғой…» — деп тіл қатады.

«Сағат 14:00 шамасында бала елді мекеннен шамамен 3 шақырым жерден табылды. Бақытқа орай, ол аман-есен, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ — бала тек адасып кеткен», — делінген полиция хабарламасында.