Жалақы, зейнетақы және жәрдемақы бойынша 56 млн. теңгенің берешегі өтелді - Атырау облыстық прокуратурасы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалақы, зейнетақы және жәрдемақы бойынша 56 млн. теңгенің берешегі өтелді - Атырау облыстық прокуратурасы

Жалақы, зейнетақы және жәрдемақы бойынша 56 млн. теңгенің берешегі өтелді - Атырау облыстық прокуратурасы

Атырау облыстық прокуратурасының араласуымен аймақ тұрғындарына жалақы, зейнетақы және жәрдемақы бойынша 56 млн. теңгенің берешегі өтелді. Бұл туралы Атырау облыстық прокуратурасынан 20-қаңтарда таратылған хабарламада айтылыпты.

  • 20 Қаңтар 2004
  • 798
Фото - Caravan.kz

Прокуратура ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы РМКК-ның Атырау облыстық филиалының екі бас маманының үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 176-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл шенеуніктер байланыс бөлімшесінің пошташыларының көмегімен 463 мың теңгені жалған адамдардың атына аударып бас пайдасына жаратқан. Сот үкіміне сәйкес олар айыпты деп танылды.

2003-жылы прокурорлардың қарсылығы бойынша облыс әкімінің 5, ал жалпы алғанда 1223 заңсыз құқықтық актінің күші жойылды. «ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңы талаптарының орындалу жағдайын қадағалау нәтижесінде 120 мемлекеттік қызметкер түрлі жауапкершілікке тартылып, 50 қарсылық пен 78 түсініктеме қанағаттандырылды.
Атап айтсақ, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың арасында ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасының бас мемлекеттік инспекторы, облыстық және қалалық әкімшіліктің бөлім басшылары, өртке қарсы күрес қызметінің аға инспекторы, ауылдық округ әкімдері мен басқа да мемлекеттік құрылымдардң қызметкерлері бар. Атырау қалалық сотының судьясы А.Бозтаева парақорлығы үшін 7 жылға бас бостандығынан айрылды.

Соңғы жаңалықтар