Жалақыдан 2 пайыз жарна медициналық сақтандыру қорына аударылатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалақыдан 2 пайыз жарна медициналық сақтандыру қорына аударылатын болды

Жалақыдан 2 пайыз жарна медициналық сақтандыру қорына аударылатын болды

Қазақстанда жұмыс істеуші азаматтар жалақыдан 2 пайыз жарнаны медициналық сақтандыру қорына аударатын болады.

  • 7 Қыркүйек 2015
  • 449
Фото - Caravan.kz


   Бұл ереже «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» заң жобасында көзделген, заң жобасын дүйсенбіде парламент мәжілісіне денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ұсынып отыр.
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жауапкершіліктің мемлекет, жұмыс беруші, азаматтар арасында бөлінуін көздейді», делінген анықтама материалдарда.
Құжатқа қарағанда, бұл жүйе кезінде үш пакет болмақ. Бірінші базалық (жедел жәрдем, санавиация,шұғыл көмек, екпе алу, амбулаториялық-емханалық көмек ) – барлық азаматтар мен оралмандарға арналған, республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Екінші –сақтандырушы қосымша пакет, медициналық жүйеге қатысушылар үшін қолжетімді болмақ.
Үшінші-дербес пакет (оның тізімі келісімді негізде белгіленеді).
Жұмыс істейтін азаматтар өздері үшін кірістен 2020 жылдан бастап 2 пайыз аударуға тиіс, оның ішінде 1% — 2019 жылы.
Жұмыс беруші қызметкердің орташа айлық жалақысынан 2017 жылдан бастап 2% , 3% — 2018 жылы, 4% — 2019 жылы және 2020 жылы — 5% аударады.
Бұл қорға жарна төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады, оның ішінде балалар, көп балалы аналар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер, зейнеткерлер, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және басқалары.
Қор 2016 жылы құрылады, оның құрылтайшысы және жалғыз акционері республика үкіметі болмақ.

Соңғы жаңалықтар