Жалақысыз қалған «Шахтер» клубы облыс әкімінен көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалақысыз қалған «Шахтер» клубы облыс әкімінен көмек сұрады

Жалақысыз қалған «Шахтер» клубы облыс әкімінен көмек сұрады

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының ойыншылары жалақы даулап жатыр. Айтуларынша, алажақтарының жалпы мөлшері 700 миллион теңгеге жеткен. Сондықтан олар қарызға белшеден батқан клубтың қаржылық ісіне тексеріс жүргізуді сұрап, облыс басшысына ашық хат жазды.

  • 6 Қараша 2015
  • 379
Фото - Caravan.kz

«Шахтер» биылғы ел бірінішілігінде 9 рет жеңсе, 17 кездесуде есе жіберіпті. Бұған шілдеден бері жалақының берілмей жатуы себеп екен. Бюджеттен биыл бөлінген 1 миллиард 300 миллион теңгенің 450 миллионы өткен жылдың қарызын жабуға кетіпті. Дегенмен клуб басшылығы биылғы қарыз 700 емес, 250 миллион теңге деп отыр. Сондықтан кемі 800 мың теңгеден жалақы алатын футболшылар арыз жазғанша, алдымен допты дұрыс теуіп үйренсін дейді. Өйткені «Шахтер» командасы екі жыл қатарынан көш соңында ілініп-салынып жүр. Ал жылына бір ауданның бюджетін жаратып үйренгендерге айлық толық беріледі деп сендірді басшылары.

Сергей Егоров, «Шахтер» ФК директоры
:

-Клуб казір бөлініп жатқан қаржыға күн көре алмайды. Өйткені алдыңғы жылдардың қарыздары қолды байлап келеді. Менің ойымша, жақсы ойын көрсету үшін кемі 1 миллиард 700 миллион теңгедей қаражат керек болады. Оның үсіне биыл ойыншылардың 80 пайызының келісім-шарттары аяқталды.  

Соңғы жаңалықтар