Жалған ақша көбейді: ең жиі қолдан жасалғаны 5 000 теңгелік купюралар - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалған ақша көбейді: ең жиі қолдан жасалғаны 5 000 теңгелік купюралар

Жалған ақша көбейді: ең жиі қолдан жасалғаны 5 000 теңгелік купюралар

Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 465 150 теңгенің 96 жалған ақша белгісін (93 банкнота және 3 монета) анықтады. 

  • 22 Шiлде
  • 6
Фото: видеодан алынған кадр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Көбіне 5 000 теңгелік номинал қолдан жасалған. 85 дана банкнота жалпы тәркіленген ақшалардың 88,5%-ы. Одан кейін 5 дана (5,2%) – 2 000 теңгелік номиналға, 3 дана (3,1%) – номиналы 10 000 теңгелік банкноталарға, қалған 3,2% – монеталарға тиесілі.

Ұлттық банк шынайы банкноталарды қолдан жасалған ақшадан өз бетінше ажыратуға көмектесетін қарапайым ережелерді еске салады. 

Фото: Ұлттық банк
Жалған банкноталар, әдетте, кәдімгі офсеттік қағазға түрлі түсті принтер арқылы және компьютерлік техниканың көмегімен жасалады.

Фото: Ұлттық банк
Микротекстер бұлыңғыр келеді және ұлғайтқан сайын анықтығын жоғалтады.

Фото: Ұлттық банк
Жалған банкнотада сутамғы белгісі жоқ.

Фото: Ұлттық банк
Патч элементінің көлемді бейнесі жоқ және кәдімгі бояумен басылған, күн белгісі сәулесінің жан-жаққа шашыраған голографиялық әсері мен номиналдың цифрлық кескінінен ою-өрнекке ауысу әсері болмайды.

Фото: Ұлттық банк
Қорғаныш жібі динамикалық және түсін өзгерте алатын әсерден ада, әрі жарыққа тосып қарағанда тұтастығы байқалмайды.

Шынайы банкноталарда көзбен қарап және қолмен ұстап анықтауға болатын бірнеше қорғаныш белгілері бар. Ол белгілермен Ұлттық банктің ресми сайтында танысуға болады.

Қазақстан Ұлттық банкі банкноталарды қолдан жасауға жол бермеу үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді және азаматтарды қолма-қол ақшаны пайдаланған кезде мұқият әрі сақ болуға шақырады.

Егер шынайы ақша белгілеріне ұқсас күмәнді банкноталар кезігетін болса, дереу құқық қорғау органдарына жүгінген жөн.

Перейти к новостям спорта