Жалға берілген нысандарда мүліктерді түгендеу жұмысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалға берілген нысандарда мүліктерді түгендеу жұмысы басталды

Жалға берілген нысандарда мүліктерді түгендеу жұмысы басталды

Байқоңыр қаласында Қазақстан Республикасының «Байқоңыр» кешені нысандарының сақталуын және олардың пайдаланылу шарттарын бақылау жөніндегі арнайы ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті.

  • 10 Маусым 2011
  • 447
Фото - Caravan.kz

1995 жылдың тамыз айында жасалған келісімге сәйкес, ведомствоаралық комиссия, Ресей Федерациясы өкілдерінің қатысуымен, төрт жылда бір рет бақылау жүргізеді.

Қазақстан Республикасының «Байқоңыр» кешені нысандарының сақталуын және олардың пайдаланылу шарттарын бақылау жөніндегі арнайы ведомствоаралық комиссияның төрағасы — ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Қалымжан Ибраимовтың айтуынша, бұл бақылауды жүргізудің негізгі міндеті — Ресей тарапының «Байқоңыр» кешенінің жалға алынған нысандарын сақтау және пайдалану шарттарын қамтамасыз етіп жатқан-жатпағанын тексеру.

«Байқоңыр» ғарыш кешені 1994 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан мен Ресей Үкіметтерінің арасында жасалған келісімшартқа сәйкес Ресей тарапына жалға берілген.

«Қазғарыштың» баспасөз қызметінен хабарлағандай, комиссияға кіретін Қазақстанның түрлі министрліктері мен ведомстволарының өкілдері маусым-қыркүйек айларының аралығында жұмыс топтарының құрамында «Байқоңыр» кешенінің нысандарын аралап, тексерулер жүргізетін болады.

«Байқоңыр» кешені нысандарының сақталуын және олардың пайдаланылу шарттарын бақылау жөніндегі арнайы ведомствоаралық комиссия өз жұмысының қорытындысын 5 қазанда «Байқоңыр» кешенінде шығарады және бақылаудың нәтижелері 2011 жылдың қазан айында Мәскеуде өтетін Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның «Байқоңыр» кешені бойынша кіші комиссиясының кезекті, 14-ші отырысында таныстырылады.

Соңғы жаңалықтар