Бұрын салықшы болған 50 жастағы азамат соңғы 2 жылда осы өңірде 30 шақты жалған кәсіпорын құрған. Көпшілігі жарты-ақ күн жұмыс істепті. Есеп-шот ашып, қаржыны аударып алғаннан кейін, құжаттарды жойып отырған. Бір қызығы, ол бұл кәсіпорындарды бұрын сотталған адамдардың атына тіркеуге тырысыпты. Осылайша, салықтан қашып, қыруар пайда тапқан алаяқ жауапкершіліктен жалтарып кетем деп ойласа керек. Салықшының мұны жалғыз істемегені анық. Қазір оның сыбайластары іздестіріліп жатыр.