Олар біреудің тұрғын үйін ұзақ мерізімге жалға алып, иесінің жоқ кезінде жалған құжат жасау арқылы үйді сатып жіберген. 41 миллион теңге табысты бөлісу кезінде күдіктілер қолға түсті.
Алмалы аудандық ІІД бастығы, полиция полковнигі Бақыт Қасабековтың айтуынша, ұсталғандардың біреуі алаяқтағы үшін іздеуде жүрген болып шықты. Ал, екіншісі жақында ғана есірткі сақтап, сатқаны үшін сотталып шыққан. Бұларға қарсы қылмыстық іс қозғалған.
Алматыда өткен күндері тағы бірнеше ірі қылмыс жасалды. Алмалы ауданында ішімдікке сылқия тойған анасы бөтелекелес қызының тамағын пышақпен орып жіберген. Қазіргі кезде 46 жасар Татьяна қамауға алынып, 25 жасар қызы ауруханада жатыр.
Автокөлік ұрлығы Алматы үшін үйреншікті құбылысқа айналғандай. Өткен тәулікте қаланың Түрксіб ауданында көршісінің «Мицубиси Паджеро» көлігін қызық үшін ұрлап шығып, айдап жүрген 23 жасар жігіт қолға түсті. Иесінің түнгі 3 -тегі дабылынан соң жол полициясы іздеу жариялап, біраз қуғаннан соң оны қолға түсірген.Ұсталған К.есімді азамат бұған дейін де ұрлық үшін сотталған болып шықты.
Сондай-ақ өткен тәуліктегі ең сорақы қылмыс — адам тонаған үш қыз қолға түсті. Алмалы ауданындағы кафелердің бірі маңын торауылдаған үш қыздың назарына такси ұстап тұрған жас қыз іліккен. Электрошокермен қорқыту арқылы оның қол сөмекесін олжалған үшеу қылмыс жасалған орыннан көп ұзамай-ақ қолға түсті. Сөмкеде 17 мың теңге, құжаттары, ұялы телефон болған. Алмалы аудандық ІІД бастығы, полиция полковнигі Талғат Сейілхановтың айтуынша, қолға түскендердің біреуі кәмлетке де толмаған, қалған екеуі 19 жаста. Олардың біреуі емшектегі баласы барлығына қарамастан адам тонап, нәпақа іздеген. Қазіргі кезде ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатысы бар — жоғы тексерілуде.