Қырғыз Республикасының жалған төлқұжатын көрсетіп, елімізге өтуге әрекеттенген «А» есімді азаматтың жолы болмады.
Қазақстандық шекарашылардың қырағылығы арқасында 1986 жылы туылған азамат мемлекеттік шекарадан бері қарай жіберілмеді.
Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Анықтау амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды
ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.