Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Осыған дейін отандық және қазақстандық БАҚ-та "Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіндегі жеңілісіне жаттықтырушысын кінәлі санайды" деген ақпарат тараған.
Спортшы журналистерге ескерту жасады.
"Бәріңе сәлем. Өтірік ақпарат таратып жүрген журналистерге, тілшілерге айтарым бар. Мен өз жеңілісіме жаттықтырушымды кінәлі санайды екенмін. Сіздер олай шатастырмаңыздар. Мен олай айтқан жоқпын, айтпаймын да. Егер мен кінәлі болсам, өзім ғана кінәлімін. Жалған ақпарат таратпауларыңызды өтініп сұраймын", — деді Жұмағұлов.
Айта кетейік, осыған дейін Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалғаны хабарлаған еді.