Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Құрметті достар!!!
Алдағы 19 наурызда өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлау кезінде, мені "AMANAT" партиясының кандидаты ретінде сайлауға ұсынды. Осындай жауапкершілікті артып, жылдар бойы атқарған қызметімді елеп ескеріп, болашақта жалғастыратыныма қуаныштымын.
Халқыма әрқашанда адал ниетпен елге қызмет етуге дайынмын"- деп жазған болатын Ермахан Ибраимов.
Еске салақ, Ермахан Ибраимов 2021 жылы да маслихат сайлауына қатысқан және сол жылы 10 қаңтарда Алматыдағы орталық алаңда әділ сайлауды талап еткен белсенділер мен спортшының арасында келіспеушілік орнап, арты кикілжіңге ұласқан болатын. Спортшының белсенділердің плакатын жыртуы елдің ашу-ызасын туғызған еді.