Жалғыз өзі 189 елде 9847 мектеп салған футболшы кім? - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалғыз өзі 189 елде 9847 мектеп салған футболшы кім?

Жалғыз өзі 189 елде 9847 мектеп салған футболшы кім?

ЮНЕСКО қайырымдылық қоры табысының 48 пайызы Мессидің қайырымдылықтарынан түседі.

  • 28 Желтоқсан 2022
  • 76
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Оңғар Қабденнің телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Месси жалғыз өзі 189 елде 9847 мектеп салды. Дүниедегі 40 миллион баланың барлық мектеп шығындарын өзі көтеретінін білгенде таң қалмай көріңіз. Аргентинаның 2018 жылғы әлем чемпионатына жұмсаған шығындарының көбін Месси өз мойнына алған. Лео гонорар ретінде "Барселонадан" миллиондаған еуро алды, бірақ оның көп бөлігін Барсаның жастарды дамыту жобасына аударды. Мессидің өзі осында, Ла-Масияда өскен. Ол өзінің қайырымдылық қоры арқылы әлемнің 15 миллион көше балаларына көмектеседі. Аргентина 2014 жылы әлем чемпионатында екінші орын алды. Леонель екінші орынға берген барлық ақшаны Аргентинаның ауруханаларына берді. Forbes сауалнамасы бойынша Месси әлемдегі ең жақсы 50 донордың қатарына кіреді", — делінген жазбада.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера