"Жалғыз ұлы да қарамаған": Шымкентте қыздары қуып жіберген 75 жасар әжейдің тағдыры елді жылатты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жалғыз ұлы да қарамаған": Шымкентте қыздары қуып жіберген 75 жасар әжейдің тағдыры елді жылатты

"Жалғыз ұлы да қарамаған": Шымкентте қыздары қуып жіберген 75 жасар әжейдің тағдыры елді жылатты

75 жасар әжей "Көмек" дағдарысты орталығында өмір сүріп жүр. Бірнеше күн бұрын далада қаңғып қалған, өйткені балалары оны далаға қуып шыққан.

  • 21 Қараша 2021
  • 244
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Саламат Балабаева — 75 жасар әжей. Шымкентте туып, өскен өмір бойы мейірбике болып қызмет атқарған. Ақша табу үшін, балаларды жеткізу үшін кез келген жұмыс жасағанын айтады. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін 5 баласымен жалғыз қалған.

Әжей өз үйін сатып жіберген. Оның ақшасын ұлы мен қызына бөліп берген, ал өзі үлкен қызымен тұрған көрінеді. Бірақ, үлкен қызымен қарым-қатынастары бұзылып, үйден кетуіне тура келген.

"Күйеуім қайтыс болғаннан кейін мен оларды өзім көтеруім керек болды. Оларды оқыттым, тоқыттым. Күйеуімсіз оларды өзім оларды аяқтта тұрғыздым. 90 жылдары қиын болса да, бірнеше жерде жұмыс атқардым. Өскен соң, бәрі бөлек кетті. Үйде жалғыз қалғаннан кейін, үйді сатып, балаларға бөліп бердім. Балаларымның қолдарында тұрармын дедім", — деді Саламат Балабаева.

Қартайғанда қызық көрмеген әжей үлкен қызымен тұрып, кейін ұрысып қалғаннан дейін далада қалып қойған. Бірнеше күн бұрын далада қалып қойған әжейді бұрынғы көршілері тауып, оны дағдарыс орталығына алып келген.


"Әжей үлкен депрессияға ұшыраған, соққы алған. Ұзақ уақыт бойы көшеде қалып қойып, екі күн бұрын өзіне қол салмақ болған. Туған балалары қуып шыққаннан кейін елге қалай қараймын деп қиналған. Жалғыз ұлы да анасына қарамайды. Себебі, енесі келінімен тұрғысы келмейді", — дейді "Көмек" дағдарыс орталығының басшысы Мақпал Жүсіпова.

Саламат Балабаева үлкен қызының үйіне қайта барған. Алайда, үлкен қызының үйді сатып, көшіп кеткені белгілі болды. Қазіргі таңда әжейдің дағдарыс орталығында тұрғанына екі ай уақыт болған. 

Ол бұл жерде түрлі қиындықтармен түскен жас аналаарға көмектесіп, балаларын бағып беріп, ақыл-кеңестерін айтып отырады.