Жалғызбасты ана бес баласымен далада қалуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалғызбасты ана бес баласымен далада қалуы мүмкін

Жалғызбасты ана бес баласымен далада қалуы мүмкін

Алматы облысында жалғызбасты ана өрімдей бес баласымен далада қалайын деп тұр. Жанна Сағындықованың қиын жағдайда тіршілік етіп жатқаны туралы осыдан бір ай бұрын айтқан болатынбыз. Енді жығылған үстіне жұдырық болып, екі жылдан бері амалдап тегін тұрып жатқан қуықтай баспанасын үй иесі босат депті. Жағдайы одан сайын қиындаған Жанна жұрттан көмек сұрап отыр.

  • 15 Тамыз 2015
  • 350
Фото - Caravan.kz

Алматы облысына тіршілік қамымен отбасымен бірге Жамбыл облысынан келген Жаннаның жай-күйі туралы өткен хабарларымыздың бірінде сөз еткен болатынбыз. Содан кейін бірқатар қайырымды азаматтар азық-түлік беріп, ақшалай да көмек көрсетіпті. Бірақ жақында ол тұрып жатқан үй иесі мұнда енді мал бағатын адам керек деп, баспананы босатуын сұраған.

Жанна Сағындықова:

— Менің қазір дәл осы уақытта босатып беретін жағдайым жоқ, өйткені баратын жерім жоқ. Бес қызбен қайда барамын, кімнің босағасына барам тентіреп?!

Қыздарының денсаулығына алаңдап, медициналық тексеруден өткіземін деп жүріп, Жаннаның өзі жұмысқа шығудан да қалған. Ал отбасының тірегі, үйдің асыраушысы болады деген әкелері қазір басқа бір әйелмен тұрады екен.

Жанна Сағындықова:

— Өкініші болып, балаларын ойлайтын болса, өстіп тастап кетпейтін еді ғой, айдалаға, светі жоқ, суы жоқ жерге. Қазір мысалы, үшеуміз де жұмыссыз отырмыз. 

Десе де, бұлар барынша талпынып, тіршілік етуде. Үлкені жұмыс істеп ақша тапса, екінші қызы аспаздық оқуына тегін түсуге талпынып, қолындағы жалғыз кітаппен тест сынақтарына дайындалып жатыр.


Арайлым, Ж. Сағындықованың қызы:

— Емтиханға дайындалғаннан үйдегі нелерді ойлап, жөндеп дайындалмайсың емтиханға. Үйден шығыңдар деп, босатсын деп жатыр. Қалай басқа әйелге қосылды, солай папам жоқ.

— Қайтып көргің келмей ме папаңды?

— Көргім келмейді.

Осындай жағдайда тастап кеткен күйеуімен Жанна әлі заңды некеде екен. Енді ажырасуға арыз жазғалы отыр. Бес қызымен бірге тағдыр тезіне түскен ол енді тек көпшілікке ғана үміт артады.

— Ойлайтын ойым да қалған жоқ. Қазақ елі жетімін жылатпаған, жесірін ұзатпаған халық еді ғой тегі…

Соңғы жаңалықтар