Жалғыз балалы әйел қоғамның қыспағында жүр - Дана Нұржігіт - kaz.caravan.kz
  • $ 486.2
  • 557.82
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалғыз балалы әйел қоғамның қыспағында жүр - Дана Нұржігіт

Жалғыз балалы әйел қоғамның қыспағында жүр - Дана Нұржігіт

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт еліміздегі жалғызбасты әйелдер мен аналар тақырыбын тағы қозғады.

  • 17 Наурыз
  • 3
Фото: Instagram/Дана Нұржігіт

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Кешелі бері “…кітап жазып жатыр екенсің. Не туралы?” деп сұрақ қойып жатқандар көп. Бұл мені бір жағынан қуантса, екінші жағынан қобалжуымды да үдете түсті. Екі жыл бойы мені мазалаған тақырып, толғағы жетіп, дүниеге келгелі тұр. Қайтіп қобалжымайсың?!

Кітапты қолына алған оқырман, қыз-келіншектер әсіресе, өзін таниды деп ойлаймын. Жалғызбасты балалы әйелдің қоғам стереотиптерінің қыспағында жүруі. Ақтала ма деген үміттің қақпанға түсіп, аяғында сталкингке айналуы. Кітап жайлы қысқа қайырсам,осы! Осы күзде тұсаукесер болады. Күтіңіздер!

Журналист ретінде қаншама адаммен сұхбат жүргізіп, хабар түсірдім. Бірақ дәл осы жолғы сұхбат мен үшін ерекше болды. Алдымда анам отырды. Көптен ойымда жүрген іс еді. Наурыз Мерекесі күндері YouTube арнама анам Күнсұлумен болған подкастты саламын. Біраз сыр ақтардық. Қызық әңгіме болған сияқты. Сегіз серінің әні “Гауһартас” анамның бесік жыры мен үшін», — деп жазды журналист.