Жалпы алғанда жұртшылық ішкі істер органдарының қызметін қанағаттанарлық деп бағалайды - социологиялық сауалнама қорытындысы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалпы алғанда жұртшылық ішкі істер органдарының қызметін қанағаттанарлық деп бағалайды - социологиялық сауалнама қорытындысы

Жалпы алғанда жұртшылық ішкі істер органдарының қызметін қанағаттанарлық деп бағалайды - социологиялық сауалнама қорытындысы

Астана. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Социологиялық сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 57,6% полицияның жұмысына қанағаттанарлық баға берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің хабарламасына сілтеме жасап.

  • 5 Қараша 2008
  • 1146
Фото - Caravan.kz

Зерттеудің қорытындысы бойынша, халық үшін әлеуметтік-экономикалық проблемаларынан кейін қылмыстық, заңды бұзу және сыбайлас жемқорлық қылмыстары екінші орында тұр.

Сауалнамаға қатысқандардың үштен бірі ІІО қызметін оң бағалап, 57,6%- қанағаттанарлық баға берді. Жалпы алғанда социологтар соңғы төрт жылда полиция қызметінің оң даму динамикасын атап өтті. ІІО жұмысына «төрт» деген баға берген азаматтардың 2003 жылмен салыстыра алғанда 2,5-ке артқан. Ал полиция қызметіне төмен баға берген азаматтардың саны осы шамада азайған.

Азаматтардан құрылымға емес, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тұлға ретіндегі қарым-қатынасын бағалау кезінде өте жоғары беру үрдісі байқалады.

ІІО туралы пікір қалыптастыруда және қызметін бағалауда БАҚ-тағы жарияланымдар мен қоғамдық пікір айтарлықтай ықпал етеді. Ал полиция қызметкерлерімен түрлі жағдайлар бойынша қарым-қатынасы барысындағы жеке әсер алуы бағалаудың ең аз бөлігін қамтиды.

Көшедегі қылмыстық, ұрлық және бұзақылық қылмыстары жөнінде тұрғындардың алаңдаушылығы тағы да дәлелденді. Олар адамдардың санасында сыбайлас жемқорлық, құрылыс бизнесіндегі алаяқтық, ұрлау және теріс пайдаланушылық әрекеттерін екінші орынға ығыстырады.

Сауалнамаға қатысқан көптеген қазақстандықтар, яғни 65,4 пайызы учаскелік полиция орны қай жерде орналасқанын біледі, жалпы учаскелік полиция инспекторларының қызметін оң бағалайды.

Азаматтардың 18,4 пайызы жол полициясы қызметкерлерімен қарым-қатынас жасаған. Бұл жүйенің басқа қызметтерінен екі есе асады. Бұл жағдайда, сұрауға қатысқан адамдардың пікірі екіге бөлінді — 46,6 пайызы оң баға берсе, 45,2 пайызы төмен бағалады. Бұл полиция қызметкерлерімен тікелей жүздесіп пікірлесу нәтижелерімен байланысты.

Сонымен қатар, жол қозғалысына қатысушылар жаңадан енгізілген ережелер мен қатаң шараларға жоғары баға берді. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жолдағы апаттық жағдай, осы қабылданған қатаң шараларға қатысты жасалатынын атап өтті.

Сауалнамалар нәтижесі бойынша халық есірткі таралуына қатысты үндеулерге белсенді қатыспайтыны анықталды. Социологтар халықтың ішкі істер органдарының осы салада атқарып жатқан қызметі туралы жеткілікті ақпарат ала алмауымен байланысты екенін атап өтті. Осы сұрақ бойынша сауалнамаға қатысқандардың 27 пайызы сұраққа жауап бере алмады. Сонымен қатар, азаматтар оқу орындарында есірткі пайдалануын анықтау үшін оқушылардың тестілеуден өтуді міндетті түрде енгізу қажет деп санайды.

Жалпы азаматтар елдегі қауіпсіздік деңгейін оң бағалайды. 12,3 пайызы жақсы, 49,6 пайызы өте жақсы деп бағаласа, 6,4 пайызы төмен баға берді. Осылайша, халықтың екіден үші өз өмірін қауіпсіз деп санайды.

Сауалнама нәтижесін өңірлер бойынша салыстырсақ, оңтүстік өңірлер мен Алматы қаласының тұрғындары өз өмірін қауіпсіз деп санайды.

Зерттеу нәтижелері бойынша еліміздегі тұрғындардың 9,8 пайызы қылмыс және құқық бұзушылықтардан зардап шеккен. Сауалнамаға қатысқандардың көбісі 26,5 пайызы ұрлықтан, көшедегі бұзақылықтан, тонаудан, жол-көлік оқиғалары мен алаяқтықтан зардап шеккен. Сонымен қатар, олардың төрттен бірі полицияға арыз жазбаған.

Респонденттер полиция қызметіндегі басым бағыттардың бірі ретінде көшедегі қылмыс, есірткі бизнесіне қарсы күрес, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, жасөспірімдер арасындағы қылмыс және полиция қызметкерлерінің заңдылықты бұзуының жолын кесу, ұрлық қылмыстары мен жолдағы қауіпсіздік, тұрмыста жасалатын қылмыстар деп атады.

Департамент ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырысы бойынша «ЦЕССИ Қазақстан» салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институты полицияға деген сенімділік дәрежесін анықтау мақсатында халық арасында әлеуметтік зерттеу жүргізіп, бірінші кезеңін аяқтады.

Социологтар халық арасында 18-ден 51-ге дейінгі жас аралығындағы, шамамен республиканың барлық өңірлерін қамтитын 1200 респонденттермен сауалнама жүргізді. Азаматтардың қауіпсіздік жағдайын, ІІО қызметін, қызметіндегі басым бағыттарын бағалау, сондай-ақ респонденттер қандай құқық бұзушылық түрлерімен кездесті, полицияға баруы, ІІО-нің түрлі бөліністерінде қызметкерлердің оларға деген қарым-қатынасы, полиция қызметін жақсарту үшін шаралар қабылдау — зерттеудің негізгі тапсырмасы.

ІІМ зерттеу негізінде сәйкес шешімдер қабылдап, республика азаматтары назар аударған бағыттар бойынша қызметті жандандырады.

Жақын арада зерттеудің келесі кезеңдерін өткізу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар