Жалпы массажды желеу етіп, интимдік қызметтер көрсеткен (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалпы массажды желеу етіп, интимдік қызметтер көрсеткен (ВИДЕО)

Жалпы массажды желеу етіп, интимдік қызметтер көрсеткен (ВИДЕО)

Өскеменде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қаладағы салондардың бірінде жеңгетайлық фактісін анықтаған.

  • 3 Қараша 2022
  • 171
Фото - Caravan.kz

Онда жұмысшылар жалпы массажды желеу етіп, боди-массаж деп аталатын эротикалық сипаттағы интимдік қызметтер көрсеткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Polisia.kz медиа-порталына сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, қызмет құны 15-20 мың теңге аралығында болған.

Аталған факті бойынша 39 жастағы мекеме әкімшісі әшкереленді, ол интернет-сайттардың көмегімен клиенттерді тауып отырған. Оқиға орнынан клиенттің өзіне көрсетілген интимдік қызметі үшін төлеген ақшасы тәркілеген.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы бапқа сәйкес әйелді мүлкін тәркілей отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза күтіп тұр. Онымен бірге басқа қаладан жұмыс істеуге келген 18 бен 31 жас аралығындағы салонның 4 қызметкері де ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.