Жаманқұловпен бірге айыпталып отырған Талғад Жәнібековті сот қамауда қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаманқұловпен бірге айыпталып отырған Талғад Жәнібековті сот қамауда қалдырды

Жаманқұловпен бірге айыпталып отырған Талғад Жәнібековті сот қамауда қалдырды

Алматыда сот кино түсіруге бөлінген қаржыны жымқыру ісі бойынша айыпталған режиссер Талғад Жәнібековті қамау мерзімін ұзартты. Судья оны қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгертпеді.

  • 28 Ақпан 2017
  • 810
Фото - Caravan.kz

Кеше өткен алдын ала сот тыңдауында Жаныбековтің адвокаты Серік Айтбаев оны кепілге босатуды сұраған. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, Медеу аудандық №2 сотының судьясы Тәкен Шәкіров адвокаттың Жәнібековті кепілге босату өтінішін режиссерге тағылған айыптың ауыр қылмыс түріне жататындықтан қанағаттандырмайтынын мәлімдеген.

Сот осындай себеппен адвокаттар Рена Керімова мен Елена Жигаленоктің өздері қорғайтын "Қазақфильм" компаниясының топ-менеджері Гаухар Ысқақованы босату туралы өтінішін де қанағаттандырмады. Ысқақова да қаржы жымқыру айыбы бойынша сотқа тартылып жатыр. Сот Жәнібековті қамау мерзімін 28 сәуірге дейін, Ысқақованы қамауда ұстау мерзімі 17 сәуірге дейін ұзартты.

Бұл іс бойынша алдын ала тыңдау 27 ақпанда басталған. Бұл іс бойынша төрт адам, оның ішінде белгілі актер әрі продюсер Тұңғышбай Жаманқұлов және "Феникс" фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина айыпталып отыр. Тағы бес адамға қаржы жымқыруға көмектесті деген айып тағылған.