Жамбыл облыстық прокуратурасы жер қойнауын білермендікпен игеру деректерінің бетін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облыстық прокуратурасы жер қойнауын білермендікпен игеру деректерінің бетін ашты

Жамбыл облыстық прокуратурасы жер қойнауын білермендікпен игеру деректерінің бетін ашты

Жамбыл облыстық прокуратурасы жер қойнауын білермендікпен игеру деректерінің бетін ашты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық прокурордың табиғат қорғау заңнамасының қолданылуын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі Зәуре Адамбаева хабарлады.

  • 20 Қазан 2004
  • 533
Фото - Caravan.kz

З.Адамбаеваның айтуынша, мәселен, Байзақ ауданында жергілікті тұрғындар арасында карьерлерді келісім-шарт жасаспай-ақ өңдеу оқиғалары тіркелген. Тексеру сәтінде олардың 25 мың текше метр тау массасын, 4 мың текше метр тас пен 70 текше метр плиталық тасты заңсыз қазып алғаны анықталды. Жер қойнауын заңсыз игерушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен бірге тексеру барысында кәсіпорындардың басым бөлігі жер қойнауын пайдалану операцияларын жүзеге асыруға экологиялық оң сараптама қорытындысын алмағаны әшкереленді. Биыл жер қойнауын пайдалану жөніндегі 161 нысан 81 млн. текше метр газ, 28,8 млн. текше метр су, 25 мың тонна көмір, 714 мың тонна фосфориттер, 419 мың тонна пайдалы қазбалар өндірген. Алайда, небәрі 26 нысан қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармадан оң сараптамалық қорытынды алған. 90 нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы рәсімделмеген. Осындай жайттарға қарамастан, бірқатар нысандар жұмысын одан әрі жалғастыруда, дейді З.Адамбаева.
Қазір прокуратура органдары міндетті бюджеттік төлемдер мен басқа да келісім-шартында көрсетілген міндеттемелерін орындамауға байланысты оншақты жер қойнауын пайдаланушылардың үстінен әкімшілік іс қозғады.

Перейти к новостям спорта