Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы тасқынға қарсы шараларға әзірленуде - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-17 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы тасқынға қарсы шараларға әзірленуде

Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы тасқынға қарсы шараларға әзірленуде

Жамбыл облыстық гидрометеорология орталығының болжамы бойынша алдағы күндері өңірде сынап бағанасы 0 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Осыған байланысты Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы тасқынға қарсы шараларға әзірленуде. Бұл туралы бүгін, 8-ақпанда Таразда өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы Станислав Макаров мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Ақпан 2005
  • 453
Фото - Caravan.kz

Әзірге Жамбыл облысында тасқын қаупі жоқ, деді басқарма бастығы. «Тараз су шаруашылығы» кәсіпорнының мәліметі бойынша Коровское және Ащыбұлақ су қоймаларында еріген қар суын қабылдауға мүмкіндік бар.

Қазір Жамбыл облысында жолдары қардан тазартылмаған елді мекендерге тікұшақтармен азық-түліктер жеткізу жұмыстары ұйымдастырылуда. 8-ақпан күнгі жағдаймен Жуалы ауданында 34 елді мекен және 163 қыстаумен байланыс үзілді. Сарысу ауданында 6 елді мекен және 17 қыстаумен, сондай-ақ, Қордай ауданындағы бірнеше ауылдармен арадағы көлік қатынасы үзілген. Азық-түлік қоры түгесіле бастаған Жуалы ауданындағы ауылдарға әуеден азық-түлік тасталуда. Сондай-ақ, Жамбыл облысының әкімі Бөрібай Жексембиннің тапсырмасымен қыстауларға автокөлікпен түлікке арнап жем-шөп жеткізу жұмыстары ұйымдастырылуда.
Асулар мен автожолдардың жағдайы ұдайы қадағалануда. Облыстағы қалың жауған қарды тазарту жұмыстарына 13,2 мың адам мен 400 техника жұмылдырылған. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының құтқарушылары тұрғындарға алғашқы көмек көрсету үшін ауылдарға дәрігерлерді жеткізіп, науқастар мен зардап шеккендерді ауруханаларға жеткізуде.

Перейти к новостям спорта