Жамбыл облысы әкімдігінің кеңсесі өртке оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысы әкімдігінің кеңсесі өртке оранды

Жамбыл облысы әкімдігінің кеңсесі өртке оранды

Жамбыл облыстық әкімдігінің кеңсесі өртке оранды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметінен.

  • 23 Қыркүйек 2013
  • 415
Фото - Caravan.kz

«22 қыркүйекте, кешкі сағат 22:00 шамасында облыстық әкімдік ғимаратының бірінші қабатындағы кеңседен өрт шықты, — деп айтылған баспасөз қызметінің хабарламасында. — Өрт салдарынан кеңсе және дәліздің 30 шаршы метр аумағы жарым-жартылай өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ, материалдық залал анықталуда».

Тілсіз жау Тараз қаласы төрт өрт сөндіру бөлімшесінің күшімен 25 минут ішінде ауыздықталды.


Алғашқы мәліметтерге қарағанда, өрттің тұтануына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.