Жамбыл облысы аумақтық жер инспекциясы басшысының орынбасары алаяқтық жасағандығы үшін сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысы аумақтық жер инспекциясы басшысының орынбасары алаяқтық жасағандығы үшін сотталды

Жамбыл облысы аумақтық жер инспекциясы басшысының орынбасары алаяқтық жасағандығы үшін сотталды

Тараздың N2 қалалық соты облыстық аумақтық жер инспекциясы басшысының орынбасарын кінәлі деп таныды, алаяқтық жасағандығы үшін ол 4 жылға сотталды және мүлігі конфискіленеді, деді "Интерфакс-Қазақстанға" сот кеңсесінен.

  • 26 Қыркүйек 2014
  • 716
Фото - Caravan.kz

Сот үкіміне орай ол мемлекеттік қызметтерді атқару құқынан үш жылға айырылған.

Істің материалдарына қарағанда, биыл наурыз-сәуір айларында ол аумақтық жер инспекциясы басшысының міндетін уақытша атқарған кезде аралық адам арқылы ЖШС-нің бірінің басшысынан жалға берілген150 гектар жерді пайдалану мерзімін ұзартуға және пайдаланылмаған жер телімін арнайы мемлекеттік қорға инспекцияның тәркілемеуіне ықпал етуі үшін 5 мың доллар сұраған.

ЖШС басшысы облыстық қаржы полициясына арызданған. Артынан шенеунік қолма-қол ақша алу кезінде ұсталған.