Жамбыл облысының Ойық, Болтирик шешен, Сейлбек және Ұланбел елдімекендерінде "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының және "QazaqGaz барлау және өндіру" ЖШС қаржылық қолдауымен жергілікті халықтың өмір сүру сапасын және осы елдімекендерде тұрудың тартымдылығын арттыруға арналған жергілікті инфрақұрылымды абаттандыру және дамыту жүргізілуде.
Жамбыл облысының аудандық әкімдіктері "Дамыған әлем" қоғамдық қорымен бірлесіп отандық компанияларға тиісті сұрау салумен жүгінді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен "QazaqGaz барлау және өндіру" ЖШС ұсынылған жобаны толық көлемде қаржыландыруға келісім білдірді.
"Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының, "QazaqGaz барлау және өндіру" ЖШС және "Дамыған әлем" қоғамдық қорының бірлескен күш-жігерімен Жамбыл облысы Ұланбел ауылында балалар ойын, воркаут және баскетбол алаңдарын жайластыру аяқталуда.
2023 жылдың мамыр айының соңына дейін "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының және "QazaqGaz барлау және өндіру" ЖШС қаржылық қолдауымен "Дамыған әлем" қоғамдық қоры Жамбыл облысының Ойық, Болтирикшешен және Сейлбеккенттерінде жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отыр.