деп хабарлады пенитенциарлық жүйе ведомствосының баспасөз қызметінен.
Өткен демалыс күні қаржы полициясының жергілікті қызметкерлері мен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметі пара берушіні ұстады. Қылмыстық-атқару инспекциясының қызметкеріне пара беру кезінде бұлтартпас айғақпен құрықталған әлгі азамат осы облыстың тұрғыны болып шықты.
Бұл — қылмыстық-атқару жүйесінде жылдың басынан бері тіркелген осындай бесінші оқиға. Бұған дейін хабарланғандай, Астана қаласы бойынша департаментінде — осындау үш оқиға, Қарағанды облысында бір оқиға тіркелген еді.