Т.Рысқұлов атындағы ауданда әлеуметтік -мәдени нысандарды салу және қалпына келтіру жөніндегі штаб төрағасы, облыс әкімінің бірінші орынбасары Александр Савченконың айтуынша, 784 орынды бұл мектеп ғимараты 8 баллдық жер сілкінісіне төтеп беретіндей есеппен сейсмикалық нығайтылған. Ол сондай-ақ, 10-маусымда басталып, қазіргі жағдаймен 99 процент дайын болған күрделі жөндеу жұмыстарының қарқынына ерекше тоқталды. Жөндеу жұмыстары барысында кірпіштен сейсмикалық нығайтылған қабырғалар қаланып, электромонтаждық және сылақ, өңдеу және сантехникалық жұмыстар жүзеге асырылды. Едендер қапталып, ғимарат шатырланып, терезе блоктары орнатылды. А.Савченконың айтуынша, күрделі жөндеу жұмыстары мектеп ғимаратын жаңадан салғанмен парапар болып, мектеп облыс көлеміндегі ең сапалы құрылысқа айналды.
Қазір мектеп Тараздық «Анель» фирмасы жасап шығарған жиҺаздармен жабдықталуда.
Нысан 10-тамыз — Құрылысшылар күніне орай пайдалануға берілмекші.