Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында апат салдарынан Тараз тұрғыны қаза тауып, Түркия азаматы жарақаттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында апат салдарынан Тараз тұрғыны қаза тауып, Түркия азаматы жарақаттанды

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында апат салдарынан Тараз тұрғыны қаза тауып, Түркия азаматы жарақаттанды

Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданында Алматы-Астана тас жолында болған жол-көлік оқиғасының салдарынан Тараз тұрғыны қаза тауып, Түркия азаматы жарақаттанды, деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД-нен.

  • 25 Қазан 2012
  • 522
Фото - Caravan.kz

Құқық қорғау ведомствосының мәліметтерінше, 23 қазан күні сағат 22:10-да Мойынқұм ауданындағы Алматы-Астана республикалық маңызы бар тас жолының 409-шы шақырымында «Тойота-Королла» көлігін жүргізіп келе жатқан Тараз тұрғыны, 25 жастағы әйел оны басқара алмай, Түркияның 33 жастағы азаматы жүргізіп келе жатқан «Мерседес Бенц-320МL» көлігімен соқтығысты.

Жол апатының салдарынан «Тойота-Королла» көлігінің жүргізушісі алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды, ал «Мерседес Бенц-320МL» көлігін жүргізген азамат Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің «Шығанақ» жолдағы медициналық-құтқару бекетіндегі шұғыл әрекет тобы жетті.

Соңғы жаңалықтар