Жамбыл облысы Талас ауданында электр жалғастыру желісі қалпына келтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысы  Талас ауданында электр жалғастыру желісі қалпына келтірілді

Жамбыл облысы Талас ауданында электр жалғастыру желісі қалпына келтірілді

Жамбыл облысы Талас ауданында электр жалғастыру желісіндегі апат салдарынан жарықсыз қалған үйлердегі электр қамтамасыздығы қалпына келтірілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Наурыз 2005
  • 420
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 16-наурызда 5 сағат 45 минутта тау өзенінің суы №23 бағанды шайып кеткен. Соның салдарынан Қаратау-1 және Майтөбе қосалқы станцияларының арасындағы желі үзілді. Майтөбе елді мекенінің 658, Қаратау ауылының 692, Билікөл елді мекенінің 600 тұрғыны тоқсыз қалды.

Министрлік ақпаратына сәйкес, 18-наурыздағы 12 сағат 45 минуттағы жағдаймен қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Апат зардабын жоюға Тараз электр желісі орталық қызметінің тобынан 9 адам мен 5 техника жұмылдырылды.

Перейти к новостям спорта