Жамбыл облысына пойызбен жеткен дәрігерлерге дені сау адамдарда кезекке тұрған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысына пойызбен жеткен дәрігерлерге дені сау адамдарда кезекке тұрған

Жамбыл облысына пойызбен жеткен дәрігерлерге дені сау адамдарда кезекке тұрған

Жамбыл облысының шалғай ауылдарына медициналық көмек жетті. Жылына бір рет Алматыдан келетін «денсаулық пойызын» көрген жұрт білікті мамандарға көрінуге асықты. Тіпті аурудан құлан таза адамдардың өзі таң атпай ақхалаттылардың алдынан табылды. 2 жарым мың науқасты қараған мамандар талай дертті анықтап отыр. Дәрігерлер екі күнде науқастарға ем қондыра алмаса да, одан сауығып кетудің жолдарын түсіндіріп кетті.

  • 9 Сәуiр 2015
  • 275
Фото - Caravan.kz

Шу ауданында басы ауырып, балтыры сыздағандар аз емес. Екі тәулікте екі жарым мың тұрғын дәрігерге қаралған. Әсіресе шалғай ауылдың жұрты ақхалаттыларға тексеріліп қалуға талпынып жатыр. Рыстығайша Мұздыбаева жолдың қашықтығынан аудандағы ауруханаға баруға дәрмені жоқ. Көзі ауыратын зейнеткер жергілікті мамандардың біліктілігіне де сенімсіздік білдіреді. Сондықтан немерелерін жетектеп осында келіпті.

Рыстығайша Мұздыбаева, Шоқпар ауылының тұрғыны:

-Жылда осындай пойызға келіп тексерілеміз. Азанда немерелерімді алып келгенмін,енді қолым босаған соң өзім тексеріліп жатырмын.

Науқастардың ағылып жатқаны соншалық, 25 дәрігер оларға әзер үлгерді. Мамандар ем іздегендердің басым бөлігі қант диабетіне шалдыққанын анықтаған. Ал Шоқпар, Бірлік, Құлақшын ауылдарында буын сырқатымен ауыратындар көп екен.

Жадыра Сауытқазиева, невропатолог:

-Науқастардың жастары 16-дан 80 жасқа дейінгілер қаралды. Олардың көбінің буын аурулары остеохондрозбен жиі кездесді. Оларға ары қарай тиісті тексреулерге жолдама беріліп жіберілді. Кеңестер берілді, ем тағайындалды.

Ақхалаттылардың тек кеңес берумен шектелгені көпшілікті қынжылтады. Кінәраттың бар-жоғын анықтап қана қоймай, енді ем-дом қондырса деген тілегі бар.