Жамбыл облысында 20 миллион теңгенің жымқырылуына қатысты қылмыстық іс тексерілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында 20 миллион теңгенің жымқырылуына қатысты қылмыстық  іс тексерілуде

Жамбыл облысында 20 миллион теңгенің жымқырылуына қатысты қылмыстық іс тексерілуде

ТАРАЗ. 1-тамыз . Kazakhstan Today. Жамбыл облысы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы өткен жылы жойылған "Центр аренды объектов" мемлекеттік коммуналдық мекемесі басшылығының 2002-2005 жылдар аралығында 20 миллионнан астам теңгені жымқыруына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл жөнінде Kazakhstan Today тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлаған.

  • 1 Тамыз 2006
  • 388
Фото - Caravan.kz

Ақпаратқа қарағанда, жедел іздестіру шаралары барысында ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері, мемлекеттік қаражаттың көлік қызметтерін көрсетуге , қағазбен қамтамасыз ету туралы және өзгеде төлем құжаттарының жалған жасалуы арқылы ұрланғанын анықтады.

Мекеменің бұрынғы директоры, бас есепші, бір бөлім бастығы және кассир ҚР ҚК 35 бабы, 4-тармағы (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару ) және 176 бабы, 3-тармағына (сеніп тапсырылған ірі көлемдегі мүлікті иемдену немесе ысырап қылу ) сәйкес қылмыстық жазаға тартылады.

Осыған дейін Жамбыл облыстық экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті (қаржы полициясы) аталған мекеме қызметкерлерінің үстінен қозғалған қылмыстық істі тексеріп, кейін оны тоқтатқан болатын.

Перейти к новостям спорта