Жамбыл облысында 2020 жылға дейін индустриалдық паркке 2,5 миллиард доллар инвестиция тартылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында 2020 жылға дейін индустриалдық паркке 2,5 миллиард доллар инвестиция тартылмақ

Жамбыл облысында 2020 жылға дейін индустриалдық паркке 2,5 миллиард доллар инвестиция тартылмақ

Жамбыл облысында ашылатын еркін экономикалық аймақта 2020 жылға дейін 16 өндіріс орны ашылады. Бұл туралы бүгін М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде өтіп жатқан "ТаразИнвест 2012" форумында айтылды.

  • 8 Қараша 2012
  • 329
Фото - Caravan.kz


«Тараз химия паркі» арнайы экономикалық аймағы жобасын Шу ауданында жүзеге асыру жоспарланып отыр. 2020 жылға дейін онда 16 өндіріс орны ашылып, 2,5 миллиард доллар инвестиция тартылмақ. Онда 2300 адамға жұмыс орны ашылады. Бұл ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен ықпал ететін болады», — дейді «Біріккен химиялық компания» ЖШС-нің Басқарушы директоры Юрий Анощенко. Оның айтуынша, индустриалдық парк жұмысының басым бағыттары химия өнеркәсбі өнімдерін, резина, пластмасса құралдарын, металл емес минералды өнімдер және химия өнеркәсібіне арналған құрал-жабдықтар өндіру.

Соңғы жаңалықтар