Жамбыл облысында 35 кг гашиш сатпақ болған полицей құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.83
  • 600.58
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында 35 кг гашиш сатпақ болған полицей құрықталды

Жамбыл облысында 35 кг гашиш сатпақ болған полицей құрықталды

ТАРАЗ. 6-ақпан. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында 35 кг гашиш сатпақ болған полицей құрықталды, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.

  • 6 Ақпан 2007
  • 324
Фото - Caravan.kz

«Кеше Шу қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облыстық департаментінің қызметкерлері Мерке аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторын жалпы салмағы 35 килограмм гашиш сатпақ болған жерінен құрықтады»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Тексеру барысында ұсталғаннан сатқан есірткісі үшін алынған 705 мың теңге табылып, тәркіленді.

30 жастағы полиция капитанының үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті