Жамбыл облысында 4 мал бордақылау кешенін салу жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында 4 мал бордақылау кешенін салу жоспарлануда

Жамбыл облысында 4 мал бордақылау кешенін салу жоспарлануда

Қазақстандағы «Сыбаға» жобасының аясында алдағы 5 жылда бірден 150 мың бас малды бордақылауға арналған желілерді құру, оның ішінде Жамбыл облысныда 10 мың бас малға есептелген 4 бордақылау кешенін салу жоспарлануда, деп Жамбыл облыстық әкімшіліктің ауыл шаруашылық басқармасынан хабарлады.

  • 9 Маусым 2011
  • 524
Фото - Caravan.kz

Облыста асыл тұқымдық шаруашылық құру аясында 2012-ші жылы импорттық 1 мың бас ірі қара мал (ІҚМ) әкелу жоспарланған, деп облыс әкімінің орынбасары Мұратбай Жолдасбаев мәлім етті.

Отандық ауыл шаруашылығын өндірушілерді қолдау тетіктері туралы айта келіп, М. Жолдасбаев, «Сыбаға» бағдарламасының аясында жамбылдық малшылар үшін Т452 млн сом қаржы бөлінгенін атап өтті.

«Қаражаттың бір бөлігі агроқұрылымдар арасында бөлініп те берілді. Бұл бағдарлама шаруашылықтарға асыл тұқымды бұқаларды $6-­7 мыңға сатып алуға мүмкіндік береді. Оны шаруалардың өздері жеке сатып алуына күштері жоқ. Асыл тұқымды малдар күніне 2 кг салмақ қоса алады. Осылайша мал соятын кезге олардың таза ет салмағы 600 кг-ға дейін барады. Оны қолдағы мал басымен салыстыруға келмейді», — деп әкім орынбасары атап көрсетті.

«Сыбаға» бағдарламасы ұлттық «ҚазАгро» холдингімен әзірленген. Осы бағдарлама аясында фермерлік шаруашылықтар ІҚМ алуға несие ала алады. Несиелендіргендегі пайыздық ставкасы жылына 6% болады.

Соңғы жаңалықтар