Жамбыл облысында алғашқы жарты жылдықта тіркелген қылмыстар саны 7,7 процентке кеміді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында алғашқы жарты жылдықта тіркелген қылмыстар саны 7,7 процентке кеміді

Жамбыл облысында алғашқы жарты жылдықта тіркелген қылмыстар саны 7,7 процентке кеміді

2003-жылдың бірінші жартысында Жамбыл облысында тіркелген қылмыстар саны 3142-ні құрады, бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 7,7%-ке кем,- деп хабарлайды облыстық прокуратурадан.

  • 30 Шiлде 2003
  • 419
Фото - Caravan.kz

2002-жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда ұрлық саны 16%-ке, тонаушылық 29,3%-ке, қарақшылық 30,3%-ке, бірқатар аса ауыр және орташа ауыр қылмыстар саны 60,7%-ке кеміді. Прокуратурадағылар бұл көрсеткіштердің азаюын ҚР Қылмыстық Кодексіне сәйкес бірқатар ауыр қылмыстардың орташа ауыр қылмыстар қатарына көшірілуімен байланыстырып түсіндіреді.

Облыстық прокуратураның мәліметіне сүйенсек, қасақана кісі өлтіру қылмыстарының саны 33,3%-ке, адамдарды қасақана жарақаттауға қатысты қылмыстар 68,6%-ке, алаяқтық 53,8%-ке азайды.
Барлық қылмыстардың 84,2%-і әшкереленді. Биылғы жылдың бірінші жартысында облыстық прокурорлар 174 қылмыстық іс қозғап, олардың 123-іне қатысты материалдар сотқа жіберілді.
Сондай-ақ, есепті мерзімде облыстық прокурорлар тіркелмей жасырылып қалған 96 қылмысты анықтады, атап айтсақ, 3 қасақана кісі өлтіру дерегі, адамдарды қасақана соққыға жығып жарақаттауға қатысты 3 дерек, 48 ұрлық, 5 тонаушылық, 15 сотқарлық оқиғалар жасырылып қалған. Бұл қылмыстар тіркеуге алынғаннан кейін олардың 67-сіне қатысты іс сотта қаралды.
Құқық қорғау органдарының есептеу-тіркеу тәртібін бұзған 67 лауазым иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар