Жамбыл облысында алматылық азаматтан шамамен 60 кило марихуана тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында алматылық азаматтан шамамен 60 кило марихуана тәркіленді

Жамбыл облысында алматылық азаматтан шамамен 60 кило марихуана тәркіленді

Жамбыл облысында Шу алқабынан Алматыға есірткі тасымалдау каналы таратылды, деп хабарлады республика ІІМ баспасөз қызметінен.

  • 8 Сәуiр 2015
  • 297
Фото - Caravan.kz


4-сәуір күні шұғыл- іздеу шаралары барысында Шу-Бурылбайтал жолының 137-ші шақырымында "Мерседес" айдаған, бұрындары есірткі тасымалдағаны үшін сотталып келген Алматының 57 жастағы тұрғыны ұсталды.

"Көлігінен 4 полипропилен қап шықты, онда жалпы салмағы 53 кило 900 грамм марихуана болған”, делінген ақпаратта. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол кінәсін мойындап, есірткіні 2014 жылы жазда дайындап, енді Алматыға апара жатқандығын айтқан.