Жарияланды: 580

Жамбыл облысында алтын өндірісі артады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір барысында Ақбақай алтын шығару фабрикасының өнімділігін жылына 2,8 тоннаға арттыру жобасын бастап берді.

«Кәсіпорын жобалық қуатына шыққанда алтынның ағымдағы бағасы мен оған деген сұранысты пайдаланып, ел бюджетіне жылына салық түрінде 3 млрд теңге сала алады. Шикізаттың қайта өңдеу қуаты жылына 1 млн тоннаға немесе 14 млрд теңгеге дейін артады», - делінген баспасөз мәлімдемесінде. «Алтыналмас» АҚ Ақбақай фабрикасы қайтадан салынып, жүз пайызға дайын тұр», - деді тікелей эфир барысында Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев. Ол фабриканы қайта жөндеудің бірінші кезеңі аяқталған соң өнімділікті бес есеге арттырып, жылына миллион тонна шикізатқа жеткізіп, 2,8 тонна алтын алу көзделіп отырғанын жеткізді. Өндірістің бірінші кезеңіне $55 млн («Еуразийский банк» АҚ заем қаржысы) бағытталды. Жаңа өндірістің іске қосылуынан салық түсімдері жылына $ 15 млн құрайтын болады. Жобаны ҚР мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы (ҮИИД) аясында Жамбыл облысында «Алтыналмас» АК» АҚ жүзеге асырады. Оның жалпы құны Т8,1 млрд құрайды. «Кәсіпорынды іске қосу Ақбақай елді мекенін қосымша су көзімен қамьамасыз етіп, өнеркәсіптік энергетика жүйесін қалпына келтіріп, жаңғыртуға мүмкіндік береді. Кәсіпорындағы медициналық қызметтің көмегіне ауыл тұрғындары да жүгіне алады. 450 жаңа жұмыс орны құрылады», - делінген таратылған материалдарда. Дүйсенбі күні мемлекет басшысымен телекөпір барысында іске қосылған екінші жоба Тараздағы жарық-диодты шамдардың өндірісі («Энерджи-Тараз» ЖШС) болды. Құны $0,9 млн болатын жоба ішкі нарықты заманауи жоғары технологиялық шамдармен қамтамасыз етуді қарастырады. Өндірісте 20 жұмыс орны құрылды. Жамбыл облысының Байзақ ауданында полиэтилен құбырлар мен фитингтер шығаратын құны $4,7 млн зауыттың ( «Тараз құбыр зауыты») құрылысы аяқталды. Жоба бас компаниялардың несие қаржысымен қаржыландырылды. Полиэтилен құбырлар өндірісінің іске қосылуының арқасында 50 жаңа жұмыс орны құрылды. 2011 жылы Жамбыл облысында Индустрияландыру картасына енгізілген сегіз жобаны жүзеге асыру жоспарланған, олардың жалпы сомасы Т21,5 млрд, ал құрылатын жаңа жұмыс орындарының саны - 1 139. Бұдан басқа, телекөпір барысында Павлодар облысында жүк вагондарының өндірісін арттыру және Алматы облысында профильдік құбырлар шығаратын зауыттың құрылысы жобалары іске қосылды. Бірінші жоба үшін жауап беретін қазақстандық вагон жасау компаниясы зауыттың қуатын 500 вагоннан 2,5мың вагонға дейін арттыруды көздеп отыр. Жобаны жүзеге асыруға Т7 млрд 650 млн бағытталып, оның арқасында 670 адамға жұмыс табылады. Ал Алматы облысында салынатын зауыт жыл сайын 32 мың құбыр шығарады. Жобаның құны Т760 млнқұрайды. «Қаптамасы қалың үлкен, орташа және кіші құбырлар тұрмыстық және өндірістік қажеттіліктер үшін пайдаланылатындықтан, Қазақстан нарығында үлкен сұранысқа ие. Нысанды іске қосу Қазақстан мен жақын шетелдердің халықтарын халықаралық стандарттарға жауап беретін жоғары сапалы құбыр өнімімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп хабарлайды ИЖТМ баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін