Жамбыл облысында апат салдарынан төрт адам мерт болып, үш адам жараланды
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында, Алматы-Ташкент тас жолының 457-шақырымында 12-желтоқсанда 14 сағат 30 минутта "ВАЗ-2107" автокөлігінің жүргізушісі 25-30 жастар шамасындағы аты -жөні беймәлім Азиялық нәсілді азамат айдаған "Ауди-100" автокөлігімен соқтығысып қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Агенттік ақпаратына сәйкес, апат салдарынан екі жүргізуші мен "Ауди-100" автокөлігінде отырған 55-60 жас шамасындағы аты-жөні беймәлім Азиялық әйел қаза тапты. Сондай-ақ, "Ауди-100" автокөлігінің тағы да үш жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін