Жамбыл облысында аудан әкімдері студенттерді тегін оқытудан тағы бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында аудан әкімдері студенттерді тегін оқытудан тағы бас тартты

Жамбыл облысында аудан әкімдері студенттерді тегін оқытудан тағы бас тартты

Алматыдағы медициналық университетте оқып жатқан жамбылдық студенттердің ата-аналары тағы да наразылық білдірді. Айтуларынша, Талас пен Сарысу аудандарының әкімдері 13 баланың тағдырына бей-жай қарап отыр. Яғни облыс әкімінің тапсырғанына қарамастан, олардың оқу ақысын төлемепті. Соның кесірінен студенттер университеттен қуылған. Ашынған жұрт енді қос атқамінерді жауапқа тартуды талап етуде

  • 2 Қазан 2015
  • 302
Фото - Caravan.kz

Медициналық университетке түскен Ализаның оқу ақысын әкімдік төлеп, былтырға дейін бейқам жүрген еді. Кенеттен қаржыландыру тоқтап, студент оқудан шығып қалған. Облыс әкімі осы жобамен тәлім алатын шәкірттерге демеуші табуды аудан басшыларына тапсырған екен. Алайда Талас пен Сарысудың атқамінерлері соны да орындамапты.

Ализа Шағзантаева, Сарысу ауданының тұрғыны:

-Сарысу ауданы бойынша, әке-шешемізді әкімдікке шақырды. Жеке-жеке қабылдайды. Былай сөзі бойынша, мен аудиозаписьтен тыңдадым, облыста Көкірекбаев, ал ауданда мен тұрған кезде сендерге төленбейді, деп айтады.

Екі ауданның әкімдерінен жұрттың көңілдері қалған тәрізді. Бас-аяғы 13 студентке теңге тауып бермей тентіреткен атқамінерлерді ата-аналар облыс әкімінің орынбасары алдында жерден алып, жерге салды.   

-Мен негізі әкімнің анандай сөзіне таң қаламын, базарда отырған әйел мен ол кісілер сияқты сөлей алмаймын. Ол біздің базардағы әйелден жаман сөйледі. 

Жұрт қанша ренжісе де соңғы үміттері ақжағалыларда. Себебі балаларының оқу-ақысын төлеуге шамасы жоқ. Қатты қиналған жандар шенеуніктің алдында көз жасын көл қылды. Ал облыс әкімінің орынбасары Манжуов мырза кезекті рет уәдесін берді.

Ерқанат Манжуов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

-Өзімнің уақытым болса, өзім. Болмаса онда, сіз, ауданға барыңыз ауданның әкімі, сол жердегі демеушілерді жинасын. Сіз бар,сол жерде  бір шешімге келіңіздер.Келістік қой? 

Бұл дау былтыр басталған. Облысты Қанат Бозымбаев басқарған тұста 116 мектеп түлегі Алматыдағы медициналық университетке тегін оқуға түскен еді. Бірақ Бозымбаев осы қызметтен кетіп, орнына Кәрім Көкірекбаев келгенде студенттерді қаржыландыру тоқтады.

Ал оны шенділер бұл жобаның заңға қайшылығымен түсіндірген. Тіпті, соттың өзі ақжағалылардың пайдасына үкім кесті. Дегенмен әкімдік шәкірттердің оқу ақысын демеушілер арқылы төлеп беруді мойындарына алған. Алайда кей аудандардан жомарт жандар табылмай тұр.    

Соңғы жаңалықтар